Біз әртүрліміз, біз бірдейміз, біз біргеміз!

Мейірімділік- жүректен басталады,- демекші  біздің бөбекжай — бақшамызда осы тақырыпта ұйымдастырылған  іс — шаралар өткізілді. Ондағы басты мақсатымыз- мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқыту үрдісінде тәрбиеленушілерді мейірімділікке, әдептілілікке, қамқорлыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Баланы жастан тәрбиелейтін , бала тәрбиесіне өте қатты көңіл бөлетін елдің жүрегі әрқашан мейірімділік пен жылулыққа толы. Осыған орай балаларымызды  да қонақжай етіп, жүрегі кең, құшағы ашық, әр уақытта қол ұшын беруге дайын азаматты тәрбиелеп өсіру біздің міндетіміз. Тәрбие көрген, өнеге көрген әр кішкентай бала болашақта үлкен азамат болатыны айдан анық. Сондықтан  жүрегімізден ешқашан мейірімділік кетпесін дегіміз келеді.