Дені жаудың жаны сау!!!

Ауырмау үшін спорттың, дене қимылының адам өмірінде алар орны ерекше екенін жақсы білеміз. «Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтау керек, ал егер сыр берсе, онда денді сауықтыру керек» -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен…

       Қазір барлық елді жаулап алған  эпидемиялық індетпен күресу кезінде спортпен щұғылданудың маңызы өте зор.  Соған орай біздің де балалабақшамызда денсаулықты сақтауға, аурудың алдын алуға арналған  «Қанекей, қыздар » атты музықалы- спорттық іс-шара өткізілді. Бұл шараға тәрбиешілер мен басқа да педагогтар белсене атсалысып, түрлі кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларды орындап, жақсы көңіл –күй, жағымды эмоция сыйлап  бір қуанып қалдық.