Ертегіде қонақта

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегінің басты  мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру.ал оның  атқаратын қызметі көп: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик, әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады.

В.Г.Сутеевтің «Алма» ертегісін сомдаған ересек және мектепалды даярлық топтарының балаларының қуанышы мен қобалжуында  шек жоқ. Себебі олар өздеріне жүктелген  жауапкершіліктің қандай екенін біреудің айтқанымен емес, өз бойларына сіңіріп көрген. «Ертегі ішіндегі ертегі » атты сайысқа қатысып нәтижесін күтуде. Бұл ертегінің балаларға берер тәрбиесі өте мол екені айдан анық. «Өле жегенше, бөле же», «Береке -бөліп бергенде»  деген сөздердің түпкі мағынасы бір- біріне көмектесу, достыққа шақыру, басына түскен қиын жағдайда қасынан табылу болады. Сондықтан сіздерді әрдайым бір-бірімізге қамқорлық жасап, тату заманда өмір сүруге шақырамыз.