Тілдер мерекесі қарсаңында № 6 бөбекжай – бақшасында балаларға арналған ойын- сауық ұйымдастырылды. Бұл сауыққа барлық топтардың балалары қатысып, көңіл – күйлерін көтеріп, бір марқайып қалды. Жас ерекшеліктеріне сай ойындар мен қызықты сайыстар өткізілді. Әр елдің костюмдерін киген педагогтар бірнеше тапсырмаларды дайындап сауықты одан әрмен қыздыра түсті.
