Кіші «Қарлығаш» тобының «Қош келдің , Алтын күз» атты мерекелік іс-шарасы.

Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда. Барлығы көңілді. Күз мезгілі мерекелерімен де керемет! Қоңыр  күздің екінші айында «Алтын күз» мерекесін   қуанышпен қарсы алады. Бұл мереке барлық  буындағы  адамдардың  жанына ортақ  мереке.   Күз мезгілі қандай тамаша! Күз дегеніміз –  байлық, молшылық екенін ешкімнен жасыра алмаймыз. Сондықтан біздің бүлдіршіндер де осы мерекені жағымды көңіл – күймен тойлап, күзге арнап ән салып, би билеп, ертегі тыңдап, тақпақтартарын айтуда.