Наши цели

Мекеменің даму тактикалық мақсаттары:

1. Мекемеде білім сапасы, денсаулығы және корекциялық көмек беру кезінде балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне көңіл бөлу. 

2. Мекеменің білім беру, инновациялық және қаржылық-экономикалық жүйесінің іс-әрекетін жаңарту.

3. Мектеп жасына дейінгі әр бала үшін    мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету.

Бағдарламаның негізгі  мақсаты:

  1. Сапалы білім беру арқылы мекеменің бәсекелестігін арттыру.
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, денсаулық сақтау және денсаулықты қалыптастыру жүйесін жетілдіру. 

      («Дені сау бала» блогі)

  • Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің білім беру жүйесін жаңарту

  («Басқару» блогі)

4. Мекеме ұжымының кәсіптік құзыреттілігінің өсуіне тиімді жағдайлар жасау ( «Кадрлық потенциал» блогі) 

  • Ата-аналармен жұмыс жүргізу сапасын көтеру. Балаға білім беру,тәрбиелу бағытында ата-аналардың рөлін көтеруге әрекет жасау.( «Ата-налар мен балалар»  блогі).
  • Мекеменің материалдық-дамыту базасы мен заттық-дамыту ортасы  талапқа сай ретке келтіру. ( «Қауіпсіздік» блогі).

Күтілетін нәтиже:

  • Білім беру саласында балабақшаның жоғары бәсекелестікке ие болуы.
  • Жаңа технологияларды қолдану:

  — білім беру процесін ақпараттандыру  (балабақша сайтын ашу, балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолдану, мекеме ұжымының кәсіптік құзыреттілігін арттыру);

— мекеме ұжымының әртүрлі жобаларды жасап жетілдіруде атсалысуы .

  • Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны пайдалана отырып, мекеменің аралас экономикалық моделін жетілдіру  (қосымша білім беру қызметтері, демеушілік түсімдері үлестерінің өсуі).
  • «Дені сау бала» бағдарламасын жүргізу арқылы  балабақша тәрбиеленушілерінің денсаулығын 85% -ға дейін жоғарлату. 
  • Педагогикалық құрамның тұрақтылығы.  Мекеме қызметкерлерінің  кәсіптік құзыреттілігінің жоғары деңгейге (жоғары білімді — 100%, аттаетациядан өткен- 70% , курстық оқулармен қамтылған- 100% ).

Бағдарламаны жүргізудің кезеңдері:

Бағдарлама  3 жылға арналған.

2018-2019ж.ж. – ұйымдастыру-дайындық кезеңі (бағдарламаны жасау үшін жағдай жасау).

2019-2020 ж.ж. – түзете-дамыту кезеңі (істегі жүйені өзгерту, мекеменің жобалық режим жұмысына көшуі).

2020 -2021 ж.ж.–Аналитикалық-ақпараттық кезең (бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігінің  мониторингі, мекемедегі сапалық және сандық өзгерістерге аналитикалық  баға, озық тәжірибе жұмыстарын көрсету).

Бағдарламаға қатысушылар.

  •  №6 бөбекжай-бақшасының педагогикалық ұжымы;

Бағдарламаны жүзеге асыруды қадағалайтын жүйе: білім беру процесінің сапалық мониторингінің комплекстік жүйесі, барлық блок бағдарламаның таратылуы. Ішкі мониторинг: атаналар қоғамы. Ішкі бақылау: мекеме әкімшілігі, әдістемелік кеңес.

Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету:

Бағдарламаның орындалуы түрлі қаржылық көздер арқылы қамтамасыз етіледі: бюджет және қосымша қаржылар (мекеменің нормативті-құқықтық құжаттарымен рұқсат етілген  демеушілік,  қосымша білім беру қызметтерінің түсімдері).