Қариясы бар үйдің қазынасы бар

 1- ші қазан Қарттар күні.

Қариясы бар үйдің  қазынасы бар.

Мақсаты: Үлкендерді сыйлай білуге, мерекелерін атап өтіп ,құрмет тұтуға үйрету.

Қазақ халқы ерте заманнан бастап үлкен  кісілерді сыйлап, тілін алуды балалардың кішкентай кезінен бестап үйретіп келеді. Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын бәріміз жақсы білеміз, осыған байланысты 1-ші қазан «Қарттар күніне »орай біздің  №6 б-бөбекжай- бақшамызда тәрбиеленушілер өздерінің ата- әжелеріне  тәрбиешілердің көмегімен видеороликпен құттықтау  жасады. Бұл шараға тәрбиешілер , балалар мен олдардың ата- аналары белсене ат салысты.  Әрбір топта Ұ.О.Қ. өткізіліп, қашықтықтан  балалардың ата- әжелері немерелерімен түскен фотоларын жіберді. Фотолар қазіргі заманға сай технологиялармен өңделіп видеороликтер дайындалды.