Қысқы алаңқайды безендіру

Қыс келді. Осы жылдың ең көңілді, ең қызықты маусымын балалар тағаттана күтеді. Себебі қысқы ойындар мен сауықтыру шаралары балаларға қаншама қуаныш әкеледі. Өзінің салқыны мен қаһарлы күндеріне қарамастан бөбектердің жанына жағымды көңіл- күй мен жылу сыйлайды.  Әсіресе серуенге шыққан кезде балалардың дамуына, дененің шынығуына, тыныс алу мүшелеріне, асқа зауқымын арттыруға  таза ауадағы қимылды ойындардың маңызы зор.

Осыған орай жыл сайын біздің балабақшамызда «Қысқы алаңқайды безендіру » сайысы өтеді. Ондағы мақсатымыз  алаңқайды тек қана безендіріп қоймай, бала өмірін қимылды ойындар арқылы арттыру, педагогтар мен ата—аналарды балабақша өміріне баулу.  Бізде мынадай қардан жасалған мүсіндер пайда болды. Осы қыстың аязды күні мен карантин уақытына қарамай  алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін ата-аналарға алғысымыз шексіз