№6 бөбекжай-бақшасынында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты «Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу туралы есеп

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін өзі тану апталығы №6бөбекжай-бақшасында аталып өтті. Бұл апталықтың басты мақсаты : балалардыңбойында адамгершілік, сүйіспеншілік, имандылық иірімдерін қалыптастыру, патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу, толеранттылық пен ынтымақтастық, қоршаған ортаға сыйластық пен өмірге деген сүйіспеншілігін ояту;

Балабақшамызда апталық қазақ «Түймедақ», орыс «Гүлдер» мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізу барысында төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

«Өзін-өзі тану әлемі»  Ересек топтарында Өзін-өзі танудың негізін қалаушы С.А.Назарбаеваның өмірбаянымен танысып, ақпарат жинақталды. Балалар сұрақ-жауап ,викториналық  ойындарды ойнау барысында өздеріне мағлұмат алды. Балалар назарына презентация арқылы  мәлімет беріліп, бағдарлама авторын жан-жақты талқылады.

«Мейірімге толы жүрек» «Гүлдер» тобында берілген тақырыпқа сай әңгіме-кеңес жүргізілді. Балалар мейірімділік туралы өлеңдерін оқыды.  ҰОҚ соңында жүректер салынған суреттерін айтылған жылы тілектермен бір-біріне сыйға тартты.

«Достық неден басталады?»  Бұл күні мектепалды даярлық «Гүлдер» тобы өздерінің дайындаған қойылымын бүлдіршін балаларға ұсынды. Ертегіні қою барысында өзара достық, сыйластық сезімдерінің негізін көрсетті. Қойылымда досқа адалдық, бір-бірін құрметтеу сияқты қасиеттер анық көрініс тапты.

«Жүректен жүрекке»  Тәрбиешілер арасында психологтың ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты тренингі өткізілді.  Түрлі-түсті бояулардың көмегімен қағаз бетіне жазылған хат әріптестерге жақсы көңіл сыйлады. Тренинг арқылы ұжым арасында ынтымақтастық орнап, жақсы лебіздер айтылуы жылылық атмосферасын орнатты.

«Мен осындай баламын!»  Бүлдіршіндер арасында спорттық ойындардың ұйымдастырылуымен «Мен осындай баламын!» атты іс-шара өткізілді. Балалар спорттық жабдықтарды қолдана отырып, түрлі қозғалмалы ойындарды ойнау арқылы бойын сергітіп, қызыққа толы іс-шара өткізілді. Мақсаты: деннің саулығы бақытты өмірдің кепілі екендігін жеткізе білу болды.

 «Отаным — отбасым»  Мектепалды даярлық  «Түймедақ» тобында  ашық тәрбиелік іс-шара  өткізілді. Ертеңгілікте балалар отан, туған жер, мейірімділік, қуаныш, ана туралы тақпақтарын оқып, әндерін орындады. Іс-шараға қатынасқан балалар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараның жүзеге асырылуы тәрбиеленушілердің бойында сүйіспеншілік, денсаулық, достық, бақыт сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастырады, баланың өз бойындағы жақсы қасиеттерін дамуына көп ықпалын тигізеді деуге болады. Ұйымдастырылған іс-шалалар түрлі эмоцияға толы болып, өте қызықты әрі танымды болып өтті. Демек, «Өзін-өзі тану» пәні балабақша тәрбиелененушілеріне қажет, бұл пән сүю, құрметтеу, өмірге махаббатпен қарау сезімдерін туғызады.