1- ші қыркүйек – Білім күні!

 Бұл күнді барлық балалар ерекше күтеді, себебі жаз маусымы аяқталып бүлдіршіндердің сағына күткен армандары орындалады.  Балабақша табалдырығын қуана аттап, сүйікті тәрбиешілерімен, бірге ойнап өсетін жолдастарымен қауышады. Би билеп, ойын ойнап, тақпақ айтып осы күнді мерекеге ұштастырады. Балалардың қуанышында шек болмайды. Олай болса, «басқан қадамдарың құтты болсын!»,-  деп бүлдіршіндерді білім кемесіне шақырамыз.